Қуаныш Тұрдалин – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Қуаныш Тұрдалин


%d2%9b%d1%83%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d1%88-%d1%82%d2%b1%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%bd1982 жылы 25 мамырда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында дүниеге келген.
2002-2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма» театрының актеры мамандығын тәмамдаған.
2008 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Жарқын, А.Вампилов «Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» – Кудимов, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – досы, Т.Теменов «Шығыс сазы» – саудагер, «Мулен Ружға шақыру» – Жан, Б.Мұқай «Шындық детекторы» – Шарифуллин, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Камил, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Багратион, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – Үсен, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Жантай, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Мұнтаз, Қ.Мұхамеджанов «Ақан сері – Ақтоқты» – шәкірт, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Теке, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Әтеш, Т.Ахтанов «АНТ» – Тәуекелов, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Ө.Боранбаев «Ер көжек» – Әтеш, М.Ахманов «Наурыз думан» – Түйе, Дж.Родари «Чиполлино және оның достары» – адвокат Бұршақ, Л.Владимирский «Буратино» – папа Карло, С.Қасымбек «Батыл көжектер» -Көкжал, Хан де Ен «Су патшасы» – емші балық, Иран-Ғайып «Аждаһаның әлегі» – бақташы, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Мультик, Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – 1-ші қарақшы, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» – Шораяқ, т/б.
Марапаттары:
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance