Шолпан Сіргебаева – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Шолпан Сіргебаева


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

%d1%88%d0%be%d0%bb%d0%bf%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d1%96%d1%80%d0%b3%d0%b5%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%b01977 – 1981 жылдары Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет өнер институты, театр факультетінің толық курсын үздік тәмамдап, драма театры және кино актеры мамандығын алып шығады.
1981 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып еңбек жолы басталды.
Ойнаған рөлдері:
М. Әуезов ,,Қараш-қараш,, – Текті, Б.Римова ,,Майдан,, – Пүліш, Шварц ,,Айдаһарында,, – Эльза, М. Байджиев ,,Жекпе-жегінде,, – қыз, А.Чехов ,,Шағала,, – Нина Заречная, Қ.Мұхамеджанов ,,Құдағи келіпті,, – құдағи, Ш.Құсайынов ,,Үкілі Ыбырай,, – Алтын, В.Шекспир ,,Ромео-Джульетта,, – Джульетта, Леди Капулетти, А.Чехов ,,Аю,, – Попова, Ғ.Мүсірепов ,,Қыз жібек,, – Шәйін, М.Әуезов ,,Қаралы сұлу,, – Бәтиқа, С.Назарбекұлы ,,Құнанбай келіні – Ділдәнің зары,, – орта жастағы Ділдә, В.Шекспир ,,Махаббат айдыны,, – Клаудия, Б.Әлімжанов ,,Қазақы той-шоу, Құдалық,, – 2-ші құдағи, И.Вовнянко ,,Стриптизердің өлімі,, – Дәулетқалиева, І.Жансүгіров ,,Исатай-Махамбет,, – Айымжан, С.Балғабаев ,,Қыз жиырмаға толғанда,, – Жібек, Ана, Э.де Филиппо «Цилиндр» – Беттина, И.Турсунов, В.Умардың «Мың бір күн» – Ана, Т.Ахтанов «Күшік күйеу»– Гүлжамал, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Сатты, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Күнікей, Б.Мұқай «Шындық «детекторы» – Нұрия, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Текті, Иран-Ғайып «Естайдың Қорланы» – Айнаш, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
М.Қабанбай ,,Тити,, – әже, Р.Ибраева ,,Ғажайып қобдиша,, – ана мысық, М.Ахманов «Наурыз думан» – Жаз, т/б.
Мемлекеттік марапттары:
2011 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento