Тынышкүл Сұлтанбердиева – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Тынышкүл Сұлтанбердиева


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

%d1%82%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d1%88%d0%ba%d2%af%d0%bb-%d1%81%d2%b1%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b4%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%b01955 жылы 4 ақпанда Жамбыл облысы, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы, «98-ші разъезд» ауылында дүниеге келген.
1971 – 1974 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жанындағы театр студиясын бітіріп, драма артисі мамандығын алды.
1974 – 1976 жылдары С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театрында актриса болып еңбек етті.
1976 – 1978 жылдары Қазақтың мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында,
1978 – 1993 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актриса болып еңбек етті.
1993 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып, осы театрда қызмет етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
С.Сейфуллин атындағы театрда:
Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Баянның, «Ақан сері – Ақтоқты» – Ақтоқты, т/б.
М.Әуезов атындағы академиялық драма театрда:
М.Әуезов «Абай» – Ажар, Б.Римова «Абай – Әйгерім» – Тоғжан, Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма…» – Әйгерім, Мольер «Ақымақ болған басым-ай!» – Клорина, т/б.
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда:
Иран-Ғайып «Желжуан» – Бәйек, Ш.Мұртаза «Жетім бұрыш» – Мүнира, Ш.Айманов «Желсіз түнде жарық ай» – Ана, Т.Нұрмағамбетов «Біз түріктерміз» – Сәния, О.Дастанов «Әзірет Сұлтан» – Ана, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Дәметкен, «Қыз Жібек» – Шәйін, «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» – Мақпал, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Мәдина, В.Шекспир «Ромео-Джульетта» – Королева, І.Жансүгіров «Исатай-Махамбет» – Фатима ханым, Ф.Шиллер «Махаббат пен ғадауат»– Миллердің жұбайы, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Мақпал, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Башорот, , Б.Мұқай «Шындық детекторы» – Нұрия, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Мыстан кемпір, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Текті, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
М.Ахманов «Наурыз думан» – Күз, А.Толстой «Алтын кілт» – Тортилло, А.Ысмайылов «Алдар көсе» – Ана, А.Зинчук «Қайдасың, бақыт?..» – Ана, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2012ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;

 

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento