Лиза Серікова – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Лиза Серікова


«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

%d0%bb%d0%b8%d0%b7%d0%b0-%d1%81%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%ba%d0%be%d0%b2%d0%b01971 жылы 31 мамырда Қарақалпақстан Республикасының орталығы Нөкіс қаласында дүниеге келген.
1984-1989 жылдары Ж.Шамұратов атындағы училищенің «аяқ-ойын би ансамблі» бөлімінде оқыды.
1989 – 1990 жылдары Нөкіс қаласындағы мемлекеттік «Гүлзар» ән-би ансамблінде қызмет еткен.
1990-1994 жылдары Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы театр институтының театр бөлімін тәмамдады.
1994 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академия-лық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса ретінде еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
Д.Исабеков «Ескерткіш» операциясы» – биші қыз, Ә.Сарай «Мұңым менің» – Еңлік, А.Кирий «Зона» немесе «Шиебөрілер» – Катя, О.Дастанов «Әзірет Сұлтан» – Әсел, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Жібек, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Дүрия, Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» – Гүлім», В.Шекспир «Махаббат айдыны» – Джульетта, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» – Бану, Лиза, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Таңсық, Ш.Айтматов «Ыстықкөл трагедиясы» – Бала, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Күнікей, Э.Хушвақтов «Сүйе білсең…»– Рушана, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Луфти, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Иірімші қыз, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Тауыс, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
«Алтын дәннің құпиясы» – Боночка, «Жымбала, Мико және қасқыр» – Ақтөс, А.Толстой «Алтын кілт» – Буратино, А.Ысмаилов «Алдар көсе» – Бізбике, «Бәрінен күшті – қорқақ көжек» – Көжек, М.Ақынжанов «Алтын сақа» – Күнбала, «Керемет» – Әділет, «Тити» – Күшік, «Алдардың айласы» – Тышқан, М.Ахманов «Наурыз думан» – Ұлу, т/б.
Л. Серікова 2011 – 2013 жылдар аралығында кішкентай телекөрер-мендер назарына ұсынылған «Балапан» телеарнасының «Әліппе» танымдық бағдарламасын жүргізді. Сондай-ақ, бүгінде «Хабар» агенттігі ұсынып жүрген «Әр үйдің сыры басқа…» бағдарламасының психолог-жүргізушісі болуымен де көрерменге жақсы таныс.
Мемлекеттік марапаттары:
2002 ж. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
2014 ж. «Мерейлі отбасы – 2014» Байқауының Алматы қаласы бойынша, жеңімпаз жанұясы.

Sitio web optimizado por: Posicionamiento en Google
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance