Балтабай Сейітмамытұлы – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Балтабай Сейітмамытұлы


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b9-%d1%81%d0%b5%d0%b9%d1%96%d1%82%d0%bc%d0%b0%d0%bc%d1%8b%d1%82%d2%b1%d0%bb%d1%8b1950 жылы 11 сәуірінде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылында дүниеге келген.
1974-1976 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының жанынан ашылған екі жылдық студияны тәмамдаған.
1976 жылы Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театрына еңбек етті.
1976-1978 жылдары Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етті.
1978 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына актер болып қабылданды.
1984 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театрында:
«Ұлан-асауда» – Абылайхан, С.Жүнісов «Жаралы гүлдерде» – Военком, «Ғашықтар» – Асылхан, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қозы, «Бажалар мен балдыздар» – директор, т.б.
М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында:
М.Әуезов «Абай» – Айдар, А.Вампилов «Тұңғыш ұл» – Бусыгин, С.Жүнісов «Өлара» – Нестер, Р.Сейсенбаев «Түнгі диалогында» – Адай, «Мен – сіздің әпкеңіз…» – Спэтлайг, т.б. рөлдерді бейнеледі.
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда:
Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» – Жармұхамбетов, «Бесеудің хаты» – Иванов, У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» – Тезей, «Махаббат аралы» – Марат Мамаевич, А.Чехов «Шағала» – Тригорин, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Жиенбай, Ә.Тарази «Індет» – Қызыл командир рөлі үшін, Қазан қаласында өткен Халықаралық театр фестивалінде лауреат атанды. «Зона немесе «шиебөрілерде» – Капитан түрме бастығы, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Базарбай, Иран-Ғайып «Қанына тартқан қыңырлар»– Жанарыс, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Кузовков, Т.Теменов «Мулен-Ружға шақыру» – Сахнаның киесі, М.Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» – Әлмерек би, т/б.
1996 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер институтының режиссерлік факультетін профессор – Е.Обаевтың шеберлік класынан қызыл дипломмен тәмамдап, «Дон жуанның думаны» спектаклін қойды.
Режиссер ретінде қойған спектакльдері:
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында:
Ө.Боранбаев «Қаңбақ шал» 2002 жыл, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Т.Теменов «Махаббат сазы» 2005 жыл, Э.Хушвақтов «Сүйе білсең…», М.Байджиев «Тұншыққан сезім», Н.Ораздың «Адасқан жұлдыз», «Таудағы түн» 2011 жыл, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» 2012 жыл, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» 2014 жыл. Сондай-ақ Қостанай, Көкшетау қалаларында И.Сапарбайдың «Махаббат мейрамы» пьесасын сахналады.
Мемлекеттік марапаттары:
2002 ж. Қазан қаласында өткен Халықаралық Түркітілдес елдердің театр фестивалінде Иран-Ғайыптың «Қорқыттың Көрі» аңыз-дастанындағы Қорқыт рөлі үшін, «Ең үздік ер адам бейнесі» жүлдесі бойынша Халықаралық театрлар фестивалінің екінші мәрте лауреаты атанып, «Алтын қанатты адам» сыйлығын иеленді.
2007 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
2010 ж. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында «Алматы облысының құрметті азаматы» және «Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;

Sitio web optimizado por: Posicionamiento en Google
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento