Нұргүл Мыңғатова – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Нұргүл Мыңғатова


%d0%bd%d2%b1%d1%80%d0%b3%d2%af%d0%bb-%d0%bc%d1%8b%d2%a3%d2%93%d0%b0%d1%82%d0%be%d0%b2%d0%b01983 жылы 21 шілдеде ШҚО, Аягөз қаласында дүниеге келген.
2004-2008 жылдары Алматы «Үздіксіз білім беру» университетінің «Заңгер» мамандығын аяқтаған.
2009-2013 жылдары Бішкек қаласындағы, Бішкек Республикалық Өнер университетінің актер бөлімі мамандығы бойынша бітірген.
2009-2011 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында актриса, режиссердің көмекшісі болып жұмыс атқарды.
2011 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
М.Байджиев «Тұншыққан сезім» – Нәзи, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – маскүнем, «Таудағы түн» – Мадина, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Таңсық, Иран-Ғайып «Фатима» – 16 жасар Фатима, Т.Теменов «Карменсита» – Фраскито, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Қатира, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Луфти, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – қыз, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Ө.Боранбаев «Ер қоян» – күшік, Р.Киплинг «Маугли» – Багира, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» – Дәметкен, т/б.

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance