Динара Абдуллина – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Динара Абдуллина


%d0%b4%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%80%d0%b0-%d0%b0%d0%b1%d0%b4%d1%83%d0%bb%d0%bb%d0%b8%d0%bd%d0%b0
«Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты
1989 жылы 30 қаңтарда Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.
2007-2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма театр және кино» актер мамандығы бойынша білім алды.
2011 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып жұмыс істейді.
Ойнаған рөлдері:
Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Қатира, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Баян, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – Муза, С.Сматаев «Көгілдір такси» – Арайлым, Н.Ораз «Таудағы түн» – Бойжеткен, Т.Теменов «Карменсита» – Микаэлло, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – Музлук,  М.Байджиев «Тұншыққан сезім» – Медбике, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – жеңге, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Аққу қыз, М.Әуезов «Телғара» – Қамқа, У.Шекспир» Бір сен үшін тудым…» – Джульетта, Б.Әлімжанов «Супер Серкеш» – Меңсұлу т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
М.Ахманов «Наурыз думан» – қоян, Ө.Боранбаев «Ер көжек» – көжек, М.Ахманов «Ертегілер әлемінде»  – Пері қыз, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Мішім, Р.Киплинг «Маугли» – биші қыз т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2017ж. «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance