Дархан Сүлейменов – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Дархан Сүлейменов


%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%85%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d2%af%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b21988 жылы 7 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Саурық батыр ауылында дүниеге келген.
2006-2010 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драмажәне кино» актер мамандығы бойынша білім алды.
2010 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
С.Сматаев «Көгілдір такси» – Нұрбақыт, Т.Теменов «Махаббат сазы» – поэзия кеші жігіт, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – тілші, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Айдар, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – балықшы жігіт, Т.Теменов «Карменсита» – Хосе, «Шығыс сазы» – Ғабиден, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Сырым, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – жігіт, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Кико, Т.Ахтанов «АНТ» – Сауран, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Ө.Боранбаев «Ер көжек» – Қозы, Л.Владимирский «Буратино» – Қансорғыш, М.Ахманов «Наурыз думан» – Ұлу, Қошқар, Барыс, Бұқа, Әтеш, Р.Киплинг «Маугли» – Ата бөрі, т/б.

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento