Елдар Отарбаев – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Елдар Отарбаев


%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%80-%d0%be%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b21987 жылы 15 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.
2005-2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма театр және кино» актер мамандығы бойынша білім алды.
2009 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
С.Сматаев «Көгілдір такси» – Қайыржан, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»- Қозы, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Мамыр, Ф.Шиллер «Махаббат пен ғадауат» – Фердинанд, Е.Аманшаев «Балкон» – режиссер, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – актер, Э.де Филиппо «Цилиндр» – Родольфо, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Әлібек , В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Петр Бородин, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Дәулеткелді, С.Асылбекұлы «Желтоқсан желі» – Қайсар, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Шалкез, Т.Ахтанов «АНТ» – Сауран батыр, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» -Көкек, М.Әуезов «Телғара» – Соқыр, Б.Әлімжанов «Супер Серкеш» – Серкен т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Иран-Ғайып «Аждаһаның әлегі» – түйе, С.Қасымбек «Батыл көжек» – қасқыр, Аяз ата, Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – Атаман әйел, Р.Киплинг «Маугли» – Шерхан, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2016 ж. «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance