Еділ Рамазанов – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Еділ Рамазанов


%d0%b5%d0%b4%d1%96%d0%bb-%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b21978 жылы 25 желтоқсанда БҚО, Сырым ауданында дүниеге келген.
1995-2000 жылдары БҚО «Дәулеткерей атындағы өнер институтының «Музыка және ән айту» мамандығы бойынша бітірген.
2002-2005 жылдары БҚО Қазақ драма театрында актер болып еңбек етті.
2005-2008 жылдары Б.Римова атындағы Алматы облыстық Қазақ драма театрында актер болып жұмыс істеді.
2009 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
БҚО қазақ драма театрында:
Иран-Ғайып «Махамбет»- Исатай, Ш.Айтматов «Шыңғысханның ақ бұлты» – Тоқсықпаев, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Қабанбай, Т.Ахтанов «Ант»- Қонтәжі, Е.Уахитов «Алтын көрсе» – Әбдісалам, «Ұзатылмақ кемпірлер» – Абдолла, т/б.
Б.Римова атындағы театрда:
М.Әуезов «Хан Кене» – Наурызбай, Ә.Әмзеев «Қор болған Қодар-ай»- Қодар, Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» – Ерғали, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»- Хакім, т/б.
Ғ.Мүсірепов театрында:
Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты»- Жалмұқан, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Қабанбай, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым»- Байтемір, «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – Эмраин, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында»- Арыстан, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Хакім, Б.Мұқай «Шындық детекторы» – Сайран Райымов, Т.Теменов «Карменсита»- Барон, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – қала әкімінің орынбасары, Иран-Ғайып «Естайдың Қорланы» – Қожақ, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Көкжал, Т.Ахтанов «АНТ» – Қайып хан, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
А.Толстой «Буратино» – Карабас, М.Ахманов «Наурыз думан» – түйе, Р.Киплинг «Маугли» – Балу, т/б.

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance