Данияр Базарқұлов – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Данияр Базарқұлов


%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f%d1%80-%d0%b1%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d1%80%d2%9b%d2%b1%d0%bb%d0%be%d0%b21981 жылы 16 қараша Алматы қаласында дүниеге келген.
1998-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының «Музыкалық драма театрының» актер мамандығы бойынша бітірді.
2002-2010 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында актер болып еңбек етті.
2010 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып жұмыс істейді.
Ойнаған рөлдері:
Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында:
Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі»- Әзірейіл, «Махамбет» – Қайыпқали, У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Ромео, Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» – Ол, Р.Отарбаев «Нашақор» – Жалқытай, Т.Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» – Доскел, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» – Қасым, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Кубик, Э.Олби «Зоопарк»- Джерри, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Қуқар, М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Ақжігіт, «Алтын көрсе періште…» – Нәдір, М.Байджиев « Дуэль» – Ескендір, «Шойын қатын» – Әлімбай, «Шыңғыс ханның ақ бұлты» – Әбутәліп, Камю «Калигула» – Калигула, т/б.
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында:
В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Федеровский, Т.Ахтанов «Күшік күйеу»-Кубик, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»- Мылгун, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Дулат, Иран-Ғайып «Фатима» – Біләл Сүлеев, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Марат, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – қара киімді, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Тұзар, Т.Ахтанов «АНТ» – Жанарыс, т/б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
Ө.Боранбаев «Ер көжек» – қасқыр, М.Ахманов «Наурыз думан» – барыс, т/б.
Марапаттары:
2009 ж. Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық театр фестивалінің лауреаты
2010ж. Халықаралық Орта Азия елдері театрлар фестивалінде «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясының иегері.

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance