Бейбіт Қамаранов – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Бейбіт Қамаранов


%d0%b1%d0%b5%d0%b9%d0%b1%d1%96%d1%82-%d0%ba%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b21984 жылы 19 мамырда ШҚО, Мақаншы ауданында дүниеге келген.
2001-2005 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма театрының» актер мамандығы бойынша бітірді.
2005-2008 жылдары Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық Қазақ музыкалық драма театрында актер болып жұмыс істеді.
2008 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер ретінде еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Қызылорда театрында:
У.Шекспир «Макбет» – Макдуф, «Жолайрық» – Жалаңтөс батыр, «Қош бол, ардағым!» – Құдайменде, т/б.
Ғ.Мүсірепов театрында:
В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – капитан Тимофеев, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері -Ақтоқты» – Ақан, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қодар, Е.Аманшаев «Балкон» жігіт, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Ілияс, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»- Мекемтас, Т.Теменов «Карменсита»- Эскамильо, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Есет, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – Мұқағали, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Қабанбай, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Шопан, Т.Ахтанов «АНТ» – Барақ сұлтан, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Жапалақ, т/б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
А.Толстой «Буратино» – Базилио, Ө.Боранбаев «Ер көжек» – әтеш, Иран-Ғайып «Аждаһаның әлегі» – түйе, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2015 ж. Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаты.

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento