Айгүл Иманбаева – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Айгүл Иманбаева



Иманбаева Айгүл«Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты

1977 жылы 15 наурызда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында дүниеге келген.
1994-1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы театр және көркемсурет институтының  актерлық  бөлімін бітірген.
1999 жылдан бастап Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде еңбек етті.
2000 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында  актриса болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Жібек, Ш.Айтматов «Ыстықкөл  трагедиясы» – Гүлжамал, Иран-Ғайып «Қанына тартқан қыңырлар»  – Перизат, Б.Әлімжанов «Қазақы той шоу, құдалық» – шошақай қыз, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!»  – Ғазиза, С.Сматаев «Көгілдір такси»  – Клара, Т.Теменов «Алма бағы» –  Алма, «1001-ші күн»  – Жылан патшайым, «Махаббат сазы»  – поэзия кеші, Т.Ахметжан «Екі жүрек» –  Айсара, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында»  – Марфуға, С.Асылбекұлы «Желтоқсан желі»  – Ақмарал,  М.Ахманов «Алдардың айласы»  – Ұлу, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Хадиша, т/б.
Айгүл Иманбаеваның актрисалығымен қатар әнші, тележүргізушілік қыры да бар.
 Мемлекеттік марапаттары:
2001 ж.  1-ші Республикалық  Әзіл-сықақ театрлары конкурсының бас жүлдегері
2004 ж. «Азия дауысы» байқауы аясында өткен «Қазақ әндері» байқауының бас жүлдегері
2006 ж. «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
2015 ж. “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”.

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento