Ақмарал Дайрабаева – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Ақмарал Дайрабаева


%d0%b0%d2%9b%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bb-%d0%b4%d0%b0%d0%b9%d1%80%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%b01981 жылы 23 ақпанда Алматы облысы, Шелек ауданы, Таусүгір ауылында дүниеге келген.
1998-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы театр және көркемсурет институтының «актер» мамандығы бойынша бітірді.
2002-2005 жылдары Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында жұмыс істеді.
2006 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Орал қаласында:
У.Шекспир «Гамлет» – Гертруда, Ш.Айтматов «Ақ кеме» – Кемпір, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Ботка, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» – Ғазиза, Р.Отарбаев « Нашақор» – Жанна, Тоғжан, Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» – Сағила, Г.Хугаев « Қара шекпен» – Көкшулан, Б.Мұқай «Сергелдең болған серілер» – Сайра, Иран-Ғайып «Махамбет» – Фатима, «Қорқыт» – Нике, «Құрманғазы» – орыс қызы, т/б.
Ғ.Мүсірепов театрында:
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Алма, Т.Теменов «Алма бағы» – Гаухар, А.Вампилов «Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» – Макарская, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Марфуға, У.Сароян «Жұмақтағы жасын» – Долорес, С.Сматаев «Көгілдір такси»- Клара, Е.Аманшаев «Балкон» – құрбы қыз, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Ғазиза, Т.Теменов «Карменсита» – Мерседес, Иран-Ғайып «Фатима» – Фатима, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Балзия, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Көкшулан, т/б.

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento