Әсем Қашағанова – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Әсем Қашағанова


Әсем Қашағанова1983 жылы 5 қаңтарда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылында дүниеге келген.
2001-2005 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма театр және кино» актер мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Э.Хушвақтов «Сүйе білсең»- Рушана, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»- Мейіргүл, «Махаббат сазы» – поэзия кеші, С.Сматаев «Көгілдір такси» -Арайлым, Н.Ораз «Тұншыққан сезім»- медбике, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Ләззат, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Элиза, т/б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
Ф.Зинчук «Қайдасың, бақыт?» – талшыбық, Дж.Родари «Чипполино және оның достары» – шиетай, «Асар»- тиін, «Ғажайып қобдиша»- мысықтар, С.Қасымбек «Батыл көжектер» – тиынтай, Т.Ахметжан «Тазша бала» -Гүрбесу ханша, А.Толстой «Буратино» – Моно, Ө.Боранбаев «Ер көжек»- көжек , Иран-Ғайып «Аждаһаның әлегі» – қоян, т/б.

Sitio web optimizado por: Posicionamiento en Google
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance