Тұрсын  Құралиев – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Тұрсын  Құралиев


ҚазақстанРеспубликасының еңбек сіңірген артисі

%d1%82%d2%b1%d1%80%d1%81%d1%8b%d0%bd-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b5%d0%b21950 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекетінде дүниеге келген.
1968-1972 жж. М.Щепкин атындағы театр жоғары училищесінің актер мамандығы бойынша тәмамдады.
1975-1977жж. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті.
1977 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
М.Кәрім «Ай тұтылған түн» -Ақ жігіт, М.Әуезов «Айман-Шолпан»- Әлібек, «Алуа» – Арман, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» – Жалмұхан, Ә.Әбішев «Нұрлы жаңбыр» – Мұхит, «Мәди» – Иман, «Алау жалды арғымақ» – Сәкен, У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» – Деметрио, Ә.Тәжібаев «Күн сайын сағынамын» – Сәкен, Ә.Тарази «Жақсы кісі»- Шалкез, С.Жүнісов «Әр үйдің еркесі» – Бахыт, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Қабанбай, «Махаббат мұңы» – Нияз, С.Сматаев «Зар заман» – Барақ, Т.Әбдіков «Біз үшеу едік» – Өмірбек, Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» -Успенский, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Алтай, «Қыз жиырмаға толғанда» – Ғайыпберген, Иран Ғайып «Қорқыттың көрі» – Ажал, Ш.Айтматов «Арманым Әселім» – Жантай, «Жан азабы» – Әмірші, Ә.Тауасаров «Махаббат аралы» – Марат, С.Сматаев «Көгілдір такси» – Қайыржан, Т.Теменов «Алма бағы» – Шал, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Лукьянов, Б.Мұқай «Шындық детекторы» – Жайсаң Базаров, Т.Ахтанов «АНТ» – Қайыпхан, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
1998ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі»
2010ж. «Құрмет» орденінің иегері
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento