Сағат Жылгелдиев – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Сағат Жылгелдиев


Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген  артисі

Жылгелдиев Сағат1954 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,  Аққыр ауылында дүниеге келген.
1970-1972 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындаға актерлік студияны  тәмамдады.
1974-1977 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының «Актер» мамандығы бойынша білім алды.
1977-1997 жылдары  Талдықорған облыстық )азақ драма театрында актер болып еңбек етті.
1997 жылдан бері  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
Талдықорған театрында:
М.Әуезов «Қарагөз» – Сырым, «Абай» – Айдар, «Хан Кене» – Нысанбай (1978ж), Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Ақан (1979ж), Б.Майлин  «Шұға» – Әбіш (1980ж), Қ.Ысқақ  «Таңғы жаңғырық» – Бақтығұл (1982ж), А.Бек «Волоколам тас жолы» – Бауыржан Момышұлы (1985ж), Ш.Мұртаза «Сталинге хат» -Т.Рысқұлов (1988ж), Ш.Айтматов «Жәмила» – Данияр, Т.Қалилаханов «Ақын сарасында»  – Біржан сал (1990ж), У.Шекспир «Асауға-тұсау»  – Петручио (1991ж),  І.Жансүгіров «Исатай-Махамбет» -Махамбет (1995ж), т/б.
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда:
О.Дастанов «Әзірет сұлтан» -Қожа Ахмет (1998ж), С.Балғабаев  «Ең әдемі келіншек» – Абдолла, С.Жүнісов «Тұрымтайдай ұл еді» – Оразқұл, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Шеге, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Аманжолов, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Гура, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – Шал, Иран Ғайып «Естайдың Қорланы» – Естай, Т.Ахтанов «АНТ» -Семеке хан,  т/б.
Мемлекетік марапаттары:
1995ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген  артисі»
2007ж. «Ерен еңбегі үшін» медалімен
2011ж. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы»  медалімен   марапатталды.
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;

Sitio web optimizado por: Diseño Web
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance