Роза Әшірбекова – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Роза Әшірбекова


Қазақстанның халық артисі

dsc_54731938 жылы 15 сәуірде Ақмола облысы,  Еңбекшілер ауданы, Казгородок ауылында дүниеге келген.
1960 жылы қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жанындағы Ә.Мәмбетов ашқан алғашқы студияны тәмамдады. Сол жылы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады. 50 жылдан астам табан аудармай тер төгіп, есімі қазақ театры  өнерінің тарихына өшпес әріптермен жазылып, тамырын тереңге жайды.
Ойнаған рөлдері:
Ж.Жұмақанов, Ә.Тәжібаев «Қарагөз қарындасым» – Анна,  М.Әуезов, инсц. Ш.Айтматовтың «Жас Абай» – Тоғжан, С.Мұқанов « Мөлдір махаббат» – Бәтес, «Ботагөз» – Ботагөз, Б.Майлин «Шұға» – Шұға, Т.Ахтанов «Махаббат мұңында» – Ләззат, Ш.Айтматов «Арманым – Әселім» – Хадиша, «Бетпе-бет»- Сейде, М.Кәрім «Ай тұтылған түн» -Шафақ, Ә.Тәжібаев «Монологтар»- Мәншүк, Т.Әбдік «Біз үшеу едік» – Дариға, С.Жүнісов  «Қос Анар» -Ақбөпе, Ш.Уәлиханов «Тағдыр» – Ұлбала, О.Бөкей «Атау – Кере» – Нүрке ана, С.Балғабаев « Ең алғашқы Жаңа жыл» – Әже,  Мольер «Скапеннің айласы»-Глецинте, Б.Брехт «Әйдік апайындағы» – Иветта, Брунштейннің «Том ағайдың лашығында» -Бала, У.Шекспир «Гамлет» -Гертруда, А.Н.Островский «Адам аласы ішінде» – Мамаева, А.П.Чехов « Шағала» -Аркадина, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
1970 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі»
1991 ж. «ҚР халық артисі»
2005 ж. «Құрмет» ордені
ҚР Президенттік стипендиясының иегері
2015ж. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Sitio web optimizado por: Posicionamiento en Google
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento