Cағызбай Қарабалин – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Cағызбай Қарабалин


ҚазақстанРеспубликасының еңбек сіңірген артисі

DSC_07131954жылы 12 қазанда Сағыз станциясы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысында дүниеге келген.
1973-1978 жылдары Щепкин атындағы жоғарғы театр училищесінің актер мамандығы бойынша білім алды.
1978 жылы С.Қожамқұлов атындағы Торғай облыстық музыкалық-драма театрында алғашқы еңбек жолын бастады.
1983-1992 жж. театрдың бас режиссері Жанат Хаджиевтің жетекшілігімен спектакль қоюға бейімделе келе, сол театрдың 1992 жылы қоюшы-режиссер ретінде қызметін атқарды.
1997жылы ҚР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Атырау облыстық Махамбет атындағы драма театрына қоюшы-режиссер ретінде ауысты.
Ойнаған рөлдері:
Н.Гоголь «Ревизор» -Хлестаков, Ү.Ғаджыбековтың «Аршын Мал Алан»-Велли, С.Жүнісов «Өліара» – Шәлтік, «Тұрымтайдай ұл еді» – хабаршы, «Қызым саған айтамда» -Ұяң жігіт, М.Хасеновтің «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» – Есет, Э. Де Филиппоның «Цилиндр» – Аттилио, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Базарбай, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» -Қарабай, «Ақан сері-Ақтоқты» – Науан хазірет, Мольер «Әлін білмеген әлегінде» – Клионт, С.Балғабаев «Қазақша күрес» – Құдайберген, Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» -Таңат, М.Кәрім «Тастама отты, Прометей!» – Өкім, А.Вампилов «Сүйінші табылды, табылды!» – Сильва, А.Островскийдің «Адам аласы ішінде» – Крутицкий, М.Әуезов «Ерте ояндым, есейдім» – Соқыр, Р.Отарбаев «Бейбарыс» – Хауан пірадар, Ө.Боранбаев «Қорқақ көжек» – Әтеш, Дж.Родари «Чипполино және оның достары» – бекзада Лимон, С.Назарбекұлының «Махамбет» – Гекке, Ф.Шиллер «Махаббат пен ғадауат» -Миллер, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – Орган қарт, Т.Ахтанов «АНТ» – Тәуекелов, т/б..
Режиссер ретінде қойған спектакльдері:
Атырау театрында:
«Ең әдемі келіншек» (1998ж), «Алдар Көсе» (1998ж), «Қош бол, ардағым!» (1999ж), «Әпке» (2000ж), «Асар» (2000ж), « Жарайсың, бажа!» (2001ж), «Үш әйел алған еркек» (2000ж), «Махаббат пен кесапат» (2003ж);
Жезқазған театрында:
«Шипалы шөп», «Дымың ішінде болсын», «Тойдан кейін», «Әпке», «Әке тағдыры», «Баубек»;
2004 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында сахналаған қойылымдары:
Е.Елубаевтың «Асар», Р.Ыбыраева «Ғажайып қобдиша», С.Қасымбектің «Батыл көжектер», О.Манджиев, Т.Теменов «Ырылдақ күшік», Иран-Ғайып «Аждаһаның әлегі», Е.Аманшаев «Балкон» , С.Балғабаев «Ең алғашқы – Жаңа жыл», Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары»;
Мемлекеттік марапттары:
1987ж. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі»
2011ж. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалі
2013ж. «Құрмет» орденінің иегері.
2016 ж. «Тәуелсіздіктің 25 жыл» медалі;

Sitio web optimizado por: Posicionamiento en Google
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento