«Сахнагер – 2018» Ұлттық театр жүлдесінің иегерлері анықталды – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

«Сахнагер – 2018» Ұлттық театр жүлдесінің иегерлері анықталды

29.03.2018 | БАҚ жаңалықтары ЖАҢАЛЫҚТАР | 382 рет оқылды

13ebfb8da6cdf4a9e661dce5b157fd84-700x467
Loading

Бүгін, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Сахнагер -2018» Ұлттық театр жүлдесінің марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Театрлары Ассоциациясы ұйымдастырған бұл жүлде, биыл екінші рет 27-наурыз – Халықаралық театр күніне орай, Республикамыздағы театр ұжымдарынан іріктелген ең үздік кәсіби мамандарға шығармашылық жетістіктері үшін табыс етілді.

«Сахнагер» жүлдесі еліміздің мәдени кеңістігін біріктіріп қана қоймай, шығармашылық тәжірибемен тұрақты алмасу үшін жағдай жасайды және ұлттық өнерге деген махаббатты арттырып, патриотизмді нығайтуды мақсат етеді. Ұлттық сыйлық аясында жас дарындарды  қолдауға ерекше назар аударылып, кәсіби жетістіктерге ынтыландыру мен отанына деген рухты идеяларын ояту және т.б. мақсат-міндеттерді көздейді.

Салтанатты жиынның шымылдығы ашылмас бұрын, Қазақстан Театрлары Ассоциациясына мүше театр ұжымдары басшыларының және өнер қайраткерілерінің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Қазақстан Театрлары Ассоциациясының Президенті, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов, Ассоциацияның вице-президенті, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіxалықов, Мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ни Любовь Августовна, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Якушев Юрий Александрович, Қ.Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры Руслан Тоxтаxунов, Республикалық академиялық неміс драма театрының директоры  Наталья Дубс, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Олег Ли «Сахнагер» Ұлттық театр жүлдесінің мақсат-міндеттері туралы айтып, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Марапаттау рәсімі салтанатты түрде ашылып, кешті Ғалымбек Оспанов, Жанель Мақажан, Елдар Отарбаев, Наташа Гурьянова сынды өнер иелері жүргізді. «Astana Musical» Мемлекеттік театрының ұжымы, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі (жетекшісі-Б.Ақбаев) және т.б. өнер ұжымдары мерекелік кеште өнер көрсетті.

Өнер адамдарының ғана емес, дүйім жұрттың қызығушылығынын  тудырған «Сахнагер» Ұлттық театр жүлдесінің 2018 жылғы номинанттары  төмендегіше анықталды:

«Үздік актер» Роман Чехонадский (М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры), Дәурен Серғазин (Астана Жастар театры), «Үздік актриса» Айнұр Бермұхамедова (Астана мюзикл театры), Пяк Антонина (Мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры), «Үздік сыншы» Әлия Бөпежанова (М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры),«Үздік екінші план актері» Төлеубек Аралбай (М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры), Кенжебек Башаров (Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры), «Үздік екінші план актрисасы» Толқын Нұрбекова (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен  жасөспірімдер театры), Гүлбахар Насырова (Қ.Қожамьяров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры), «Үздік менеджер»Берік Жаменов (М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры), «Үздік опера солисті» Сүндет Байғожин (Астана опера және балет театры), «Үздік балет артисі» (Астана опера және балет театры), «Үздік костюм суретшісі» Гүлшат Омарова (Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры), «Үздік режиссер» Наталья Дубс (Республикалық академиялық неміс драма театры), «Үздік сахна суретшісі» Бақыт Сраилов (Оңтүстік Қазақстан облыстық Қ.Жандарбеков атындағы сазды драма театры), «Үздік қуыршақ артисі» Болат Момынжанов (Алматы Мемлекеттік Қуыршақ театры),«Үздік драматург» Иран-Ғайып, «Үздік театртанушы» Еркін Жуасбек (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры) марапатталса, «Театр өнерінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» Есмұхан Обаев (М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры), Лейло Бекназар -Ханинга  (Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры), Райхан Ибраева (С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театры), Нұрнияз Мұқанов (Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры), Якушев Юрий (М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры), Еркін Қасенов (М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры), «Сахналық ғұмыр» Сәбит Оразбаев (М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры), Татьяна Тарская (Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры), Роза Әшірбекова (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры), Бекен Имаханов (Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы музыкалық драма театры), Күләш Сакиева (Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы музыкалық драма театры),Абуева Сабила (Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры), Рубен Андриасян (М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры), «Үміт» номинавциясы бойынша: Жанат Оспанов (Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры), Зарина Карменова  (М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры), Ажарлым Бақытжанова (М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры), Ли Наталья (Мемлекеттік корей музыкалық комедия театры), Ұлдана Құдайбергенова (Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры), Сергей Маштаков (М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры), Еркебұлан Айдынбаев (Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры), Асқар Оразалиев (Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театры), Динара Нұрболат (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры),  Мақсат Сәбитов (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры), Ақерке Ризабекова (Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы музыкалық драма театры), Асхат Мұсағалиев (М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры), Сақтағанова Арай (Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры), Сергей Минаков (Ақмола облыстық орыс драма театры), Мақсат Сахиұлы (Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры), Жасқайрат Валиуллиев (Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры), Варисов Мұхиддин (Қ.Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры), Павленко Виктория (М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры), Скобина Светлана (Республикалық академиялық неміс драма театры), Айбол Қасым (Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы сазды драма театры) , Бағдат Телеуғалиев Н.Гогольдің «Ревизорындағы» Хлестаков ролі үшін (Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры), Әділжан Серікқалиев (Дариға-ай жастар театры), Назерке Серікболова (Астана Жастар театры), Әлиева Гүлдер (С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театры), Ерғалиева Айдана (Маңғыстау облыстық қуыршақ театры), Аман Гумаров (Астана мюзикл театры).

Гүлзия Сәдуақас

Ақпарат көзі: https://www.auezov-theatre.kz/kk/press/news/view/1227

admin

About admin

  •  

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Plugin WordPress Maintenance