Әсет Иманғали: Мұқағалиді сахнада сомдау қиынға соқты – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Әсет Иманғали: Мұқағалиді сахнада сомдау қиынға соқты

14.02.2018 | БАҚ жаңалықтары ЖАҢАЛЫҚТАР | 137 рет оқылды

1518429028_whatsapp-image-2018-02-12-at-15_42_10
Loading
Өмірде болған адамды ойнау қиын. Бұл пікір Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Әсет Иманғали айтты. Ол осы ойын Қазақ радиосындағы «Біздің мейман» бағдарламасында бөлісті.
«Ол қойылымның әсері мен үшін ерекше. Өйткені, ең алғаш рет осы қойылымның режиссері өзіміздің театрдың ақсақалы Балтабай Сейтмамытұлы осы рөлді ұсынғанда менде қорқыныш басым болды. Және бір аптадай ол кісіден қашып жүрдім. Осы рөлді ойнамай-ақ қояйыншы мен деп мен қорқамын дедім. Бірақ, ол кісі талап қойды. Осы рөлді сомдауымды қалады. Және қолымнан келетіндігін жеткізіп, жігерлендірді. Сонымен осы ролді сомдауға келістім. Өмірде болған адамды ойнау қиын. Өйткені, ол кісінің ұрпағы бар. Көзі көргендер бар. Ол кісіні толық аша аламын ба деген ой мені мазалады. Сахнаға шығардың алдында Мақатаевтың інісі қойылымға келгенде қатты мазасыздандым. Бірақ,бар күш – жігерімді салып,ойнадым», – дейді актер Әсет Иманғали.
admin

About admin

  •  

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento