Ғабит Мүсірепов театрында “Жусан иісі” драмасы қойылады – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Ғабит Мүсірепов театрында “Жусан иісі” драмасы қойылады

07.12.2017 | БАҚ жаңалықтары ЖАҢАЛЫҚТАР | 112 рет оқылды

43303141ef1e28b98e11dd8025302f0a-900x600
Loading

Аталмыш қойылымның тұсаукесері 6 желтоқсанда сағат 17.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында болады.

«Жусан иісі» – халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін шынайы сомдаған шығарма. Сюжетінде Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған оқиғалар суреттеледі. Әкесі соғыста, анасы жоқ, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткен Аянның ішкі болмысы, тайған тобығының азабынан да ауыр жан жарасы баяндалады.

Драма Сайын Мұратбековтің шығармасының желісі бойынша қойылмақ. Қойылымның режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.

admin

About admin

  •  

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento