ЖАС РЕЖИССЕРЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ЖАС РЕЖИССЕРЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

18.08.2017 | БАҚ жаңалықтары ЖАҢАЛЫҚТАР | 1,153 рет оқылды

ef215eedb160e83ea8894d384ef9996b%d3%a918082017
Loading

2017 жылдың 2-8 қыркүйек аралығында Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында Қазақстан Театрлары ассоциациясы Жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы I Республикалық форум-фестивалін өткізеді.

Жас режиссерлер – қазақ театрының ертеңі. Ұлттық сахна өнерінің құлашын кең жайып, әлем алдында танылуы да жас буынның ізденістері мен ұмтылыстарынан бастау алады. Аталмыш өнер мерекесінде жас режиссерлердің, шеберлік сағаттарынан өтіп, рухани сабақ алып, дүниетанымдарының өзгеріп, өнерде өзгеше жол, бағыт бағдар алары сөзсіз.

Форум-фестиваль жас театр режиссерлерінің шығармашылығына жол ашып, қазақ режиссурасын жаңа есімдермен толықтыруды, сонымен қатар  жас және танымал театр режиссерлеріне пікірталастар, лекциялар, шеберлік-сыныптары, семинарлар  бағдарламалары арқылы білім және коммуникация алаңын жасап, отандық режиссура өнерінің өрісін кеңейтуге мүмкіндік туғызады.

Сондай-ақ, қазақтың жаңашыл театр режиссері Қайрат Сүгірбековтің есімін есте қалдыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шараның басты мақсаты талантты жас режиссерлер шығармашылығына қоғам мен қалың көпшіліктің назарын  аудару болып табылады.

Форум-фестивальге Республикамыздағы 20-40 жас аралығындағы жас режиссерлер Елік Нұрсұлтан, Дәурен Сергазин, Дина Құнанбайқызы, Рүстем Жаныаманов, Болат Абдрахманов, Фархад Молдағалиев, Жұлдызбек Жұманбай, Гүлнәз Қамысбаева, Мейрам Хабибуллин, Айдын Салбановтар қатысады.

Алты күн бойы Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары форум-фестиваль барысында М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, Республикалық академиялық неміс драма театры, Астана  Жастар театры, Ақтөбе облыстық Алақай театры, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры , Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры , А. И театры, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры , Алматы қаласы мемлекеттік қуыршақ театры, Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрларының қойылымдарын тамашалай алады.

Жастықтың жалыны, қиялдың қанаты, тәуекелдің тұңғиығы сынға түсетін аталмыш форум-фестивальдің арқалаған жүгі жеңіл емес. Астанадағы алты күн – болашақ режиссура алыптарының қалыптасуына себепкер болады деген сенімдеміз.

Ақпарат көзі: http://ult.kz/post/zhas-rezhisserlerdin-respublikalyk-forum-festivali-otedi

admin

About admin

  •  

Sitio web optimizado por: SEO Valencia
Plugin Modo Mantenimiento patrocinado por: Wordpress modo mantenimiento