![]() |
![]() |
![]() |
Жәнібек Әлікен
«ҚҰПИЯ» (драма)
Қоюшы-режиссері – Ерлан Кәрібаев
Қоюшы-суретшісі – Нұржан Сәменов
Балетмейстер– Альфия Ембергенова, Әділет Тәменов
Композитор – Ұшқын Жамалбек
Режиссердің ассистенті – Бейбіт Камаранов Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Режиссердің көмекшісі – Әлия Әбсаттарова
Өз тіліне, төл құндылықтарына қарсы тұрғанды көрдіңіз бе?.. Ілім-білімін беріп, рухыңызды оятар ордаңыздың өзі ана тілін қолдап-қорғамағаннан кейін, ондай ортадан тіл мен діл жойылады. Бұл қасірет, әлде қасиет қайда қалады?!..
Құлдық психология – рухани құлдыраудың көрінісі. Одан арылтуға тиіс ұстаздың өзі сартап санаға ұшырағаннан кейін, өзгеден не қайыр?.. Ондайдан құтылудың жолы бар ма?.. Ендігі үміт неде?.. Әрине, әр адам өз-өзін тыңдай, ішкі әлемін қорықпай ақтара білсе, шешілмес амал, алынбас қамал жоқ.
Жан сарайыңыздың кілті өзіңізде! Өз Әлеміңіздің – өз кілтіңіздің иесі өзіңіз болып, еркін тыныстағаныңызға не жетсін?!
Спектакльдің премьерасы: 30 қаңтар, 2019 жыл