Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мемлекеттің жаңалықтары

2020 жылдың 13-ақпаны күні «Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің» – «International Union of Theatre Critics» тұсаукесері өтті. Халықаралық бірлестіктің құрылтайшылары – театр сыншылары Анар Еркебай, Лаша Чхартишвили және Эльчин Джафаров.

13 ақпан – қазақ театрының тарихында айтулы дата. Бұл – Ұлттық театрдың шымылдығы түрілген күн. 1915 жылы дәл осы күні Семейдегі саудагерлер клубында Ж.Аймауытов «Біржан – Сара» айтысын сахналаған еді. Араға 115 жыл салып, бұл тарихи күнде “Халықаралық театр сыншылары бірлестігі” тұсауын кесіп отыр.

«Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің мақсаты – театртанушылар мен қазақстан театрларының байланысын нығайту, қоянқолтық жұмыс істеу. Шетелдерде театртанушылардың дәрежесі жоғары бағаланып, олар өз театрларын өзгелерге таныстыруға ықпал етеді. Біз де қазақ театрын шетелде таныстырғымыз келеді. Алдағы жоспарымызда халықаралық деңгейдегі түрлі жобалар бар. Ең басты мақсатымыз – бүгінгі қазақ театрының негізгі тенденцияларын анықтап, оның дамуы жолында жұмыс істеу», – деп атап өтті Бірлестіктің қазақстандың жетекшісі, өнертану кандидаты, театр сыншысы Анар Еркебай.

Театртанушылар қазақстандық мемлекеттік және тәуелсіз театрлар арасында арнайы сауалнама жүргізіп, оған қатысқан 43 театр арасында 2019 жыл бойынша жалпы статистикасын жасады. Сонымен қатар, «Сыншылар жүлдесі» деп аталатын арнайы дипломдармен үздік деп табылған театрларды марапаттады. Олар:

1) Әуезов ат. Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры үздік сайт үшін;

2) Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры «В гостях у Тролли» спектаклі үшін;

3) Алматы мемлекеттік қуыршақ театры «Айко мен Строшка» қойылымы үшін;

4) Режиссер Д.Базарқұлов 2019 жылғы 3 премьера үшін;

5) Қ.Қуанышбаев ат. қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры «Ләйлі-Мәжнүн» спектаклі үшін.

«М.О.Әуезов мұражай-үйі» ғылыми-мәдени орталығының Мәжіліс залында өткен тұсаукесер рәсіміне ҚР Театр қайраткерлері Одағының мүшелері, Қазақстан театрлар ассоциациясының өкілдері, Алматы қаласында орналасқан театр ұжымдарының басшылары, режиссер, актер, драматургия саласының белгілі мамандары келіп, бірлестіктің құрылуымен құттықтап, алдағы ісіне сәттілік тіледі.

Ақарат көзі: https://kaz.nur.kz/1841100-teatr-synsylary-kazakstandyk-teatrlar-rejtingin-zasady.html?utm_source=facebook&utm_medium=ps&fbclid=IwAR0LAAYgxtXedn9JPkE4I2rmjmgMwPJDuLxlgHhEL0EuJcjF5pZR8i63PbU

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ғ.Мүсірепов атындағы театр 70 жылдығына орай екі премьера ұсынады

admin

Асылхан Төлепов: «Райымбекті ойнау өте қиын болды»

admin

Саха театры – Алматыда

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ